Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Шавкат Рахмоновтың қарындасы енді министрлікте қызмет атқарады

09.08.2024, 20:23

Сора Рахмонова – қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы

Шавкат Рахмоновтың қарындасы енді министрлікте қызмет атқарады
Әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова жаңа қызметке кіріскенін айтты.

Қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы енді Төтенше жағдайлар министрлігі сапында еңбек етеді. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Құттықтап қойсаңыздар болады. Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері болып өзімді жаңа қырымнан сынамақшымын. Менің негізгі міндетім – Төтенше жағдайлар министрлігінің спорттық идеологиясын насихаттау. 
Төтенше жағдайлар қызметі үнемі спорттық бапты талап етеді. Елдің амандығы, жұрттың тыныштығы үшін 24 сағат бойы қауіп-қатермен бетпе-бет келетін қызметкерлер жұртты құтқарамыз деп өз бастарын бәйгеге тігіп жүреді. Мұндай қиын да жауапты қызметте жүріп бір сәт те босаңсуға болмайды. Әрқашан спортпен айналысып, ел амандығы үшін қызмет ететін құтқарушылар қатарына мен де қосылдым. Жаңа қызметіме сәттілік тілеп қойыңыздар!», – деп жазды Сора.

Сора Рахмонова – қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, кәсіпқой аралас жекпе-жек жауынгері, кикбоксинг, тайбокс, ММА, панкратион спорт түрлерінен ҚР спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам