“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қытай құрамасындағы қазақ балуаны Олимпиада чемпионынан ұтылды

10.08.2024, 15:20

Ол Рио Олимпиадасының чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен күресті

Қытай құрамасындағы қазақ балуаны Олимпиада чемпионынан ұтылды
Ашық дереккөз

Париж Олимпиадасында еркін күрестен 97 келіде белдескен Қытайдағы қазақ балуаны Хабила Әбусайман алғашқы кездесуінде есе жіберді.

Ол Рио Олимпиадасының чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен белдескен еді. Алайда кездесудің бастапқы минуттарында Әбусайман қарсыласын 4 ұпайлық әдіспен лақтырғанына қарамастан басымдықты ұстап тұра алмады.

Оның қарсыласы қалған минуттарда қандасымызға әдіс жасауға мүмкіндік бермеді. Белдесу қорытындысы бойынша 9:4 есебімен Кайл Снайдер келесі кезеңге өтті.

Қытай құрамасындағы этникалық қазақ балуаны биыл Бішкекте өткен лицензиялық турнирде шешуші белдесуде отандасымыз Әлішер Ерғалиға есе жіберген еді. Алайда ол Ыстамбұлда өткен әлемдік іріктеу турнирінде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам