Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ресейден келіп Қазақстан азаматтығын алған Софья Самоделкина жылап қалды

17.08.2024, 17:53

Жас спортшы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Александра Трусованың ұзату тойына барды

Ресейден келіп Қазақстан азаматтығын алған Софья Самоделкина жылап қалды
ТАСС

Ресейге салынған санкцияларға байланысты азаматтығын ауыстырған мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жақында Қазақстан азаматтығын алған еді.

Жас спортшы бүгін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, ресейлік Александра Трусованың ұзату тойына барды.

Александра Трусова өзінің әріптесі Макар Игнатовқа тұрмысқа шыққан. Тойда Самоделкина құрбысын қимай, көз жасына ерік берді.

«Біздің үштіктен кім бірінші болып жылағанын елестетіп көріңізші»,- деп жазды Қазақстан азаматтығын алған спортшы.

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Ресейдің күміс жүлдегері, әлемдік Гран-придің күміс жүлдегері Самоделкина биыл мамыр айында Қазақстан азаматтығын алған болатын. Оның бұл әрекетіне қатысты Ресейдің спорт қауымдастығы көп сын айтқанымен, қолдаушылар да табылып жатты.

17 жастағы Самоделкина төрттік секіру мен қатарынан үш аксель жасай алатын аз спортшының бірі. Ол биылдан бастап әлемдік турнирлерде Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Спортшы  шілде айында Қарағандыда өткен ел чемпионатына қатысып, чемпион атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам