Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Жастар арасында әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан балуандары анықталды

17.08.2024, 18:44

Былтыр еліміздің жас балуандары 1 күміс, 2 қола жүлде иеленген болатын

Жастар арасында әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан балуандары анықталды
ҰОК

Күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты 19-25 қыркүйек күндері Иордания астанасында өтетін болды. Амман қаласында жалауы желбірейтін маңызды турнирде Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысады.

Грек-рим күресі:

45 кг. Дамир Әбілда

48 кг. Едіге Төлеутаев

51 кг. Ерасыл Мусан

55 кг. Алпамыс Болатұлы

60 кг. Досбол Шәміл

65 кг. Данияр Қанағатбек

71 кг. Марлан Бақаев

80 кг. Еркебұлан Анапия

92 кг. Әділет Тойшы

110 кг. Ұланқандас Өтегенов.

Әйелдер күресі:

40 кг. Жасмина Бакоева

43 кг. Әнел Бүркітбаева

46 кг. Медина Қуанышбек

49 кг. Фарида Әбдірахманова

53 кг. Мадхия Усманова

57 кг. Анна Стратан

61 кг. Жайдар Мұкат

65 кг. Ұлдана Тілеухан

69 кг. Кызжібек Жарқынбаева

73 кг. Ақбота Қадыр

 

Еркін күрес:

45 кг. Бекзат Амангелді

48 кг. Дамир Қали

51 кг. Ибрахим Ысқақбек

55 кг. Ералы Әскербек

60 кг. Бекасыл Асамбек

65 кг. Бақдаулет Әкімжан

71 кг. Әмір Оразбаев

80 кг. Бейбарыс Ерғали

92 кг. Раим Мәулетов

110 кг. Едіге Қасымбек

Айта кететін жайт, 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігі былтыр 31 шілде мен 6 тамыз аралығында Стамбул қаласында өткен болатын. Аталған турнирде еліміздің жас балуандары 1 күміс, 2 қола жүлде иеленді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам