“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға Алматы облысынан пәтер берілді

17.08.2024, 23:42

Спортшыларға бұған дейін де құнды сыйлықтар табысталған болатын

Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға Алматы облысынан пәтер берілді
Алматы облыстық әкімдігі

Париж Олимпиадасында жүлдегер атанған Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға Алматы облысының әкімдігі құрмет көрсетіп, қомақты сыйлықтарды табыстады.

Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраевқа өңір әкімдігі 3 бөлмелі пәтер мен 10 млн теңге ұсынса, бокстан қола медаль алған Назым Қызайбайға да 3 бөлмелі пәтер мен ақшалай сыйақы берілді.

Алматы облысының әкімдігі сыйақы беру кезінде қолдау көрсеткен өңір кәсіпкерлеріне де алғыс айтып отыр.

Париж Олимпиадасында үздіктер қатарынан көрінген Алматы облысының спортшыларына бұған дейін де қымбат сыйлықтар табысталған болатын. Мәселен, Демеу Жадыраевқа Франция астанасынан оралған сәтте жергілікті атқамінерлер Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін, 50 мың АҚШ доллары, Талғар қаласынан 2 бөлмелі пәтер, бір үйір жылқы, Жаркент қаласынан анасына 4 бөлмелі үйді сыйға тартқан еді. Сондай-ақ, оның бапкерлеріне де жол талғамайтын көлік тарту еткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам