Қонақта Нұрлан Еспанов! 200k просмотр жинайтын подкаст!

Олимпиаданы 5 рет ұтқан Куба балуанын әуежайда ерекше қарсы алды (ВИДЕО)

18.08.2024, 09:35

Ол ұшақ терезесінен денесін толық шығарып отырған

Олимпиаданы 5 рет ұтқан Куба балуанын әуежайда ерекше қарсы алды (ВИДЕО)
AP Photo / Adalberto Roque/Pool

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарын бесінші рет ұтқан кубалық Михаин Лопесті Гавана әуежайында ерекше күтіп алу рәсімі өтті. Әлемнің даңқты спортшысы ұшқыштардың кабинасында бірге отырған. Ал ұшақ әуежай алаңына қонған сәтте ол терезеден денесін толық шығарып, туды биікке көтеріп отырды.

Әлемдік рекорд орнатқан балуан биыл 42 жасқа толады. Ол 2004 жылдан бері Олимпиадаға алты рет қатысқан. Афиныдағы ойындарда жүлдесіз қалғанымен, кейін Олимпиадалардың барлығында аса ауыр салмақта чемпион атанды.

Куба балуаны Париж Олимпиадасында жеңіске жеткен сәтте көпшілік алдында өзінің спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Ол аяқ киімін шешіп, үлкен спортпен қош айтысты.

Лопес бүгінде күрес түрлері бойынша Олимпиадада ең көп медаль иеленген жалғыз спортшы. Одан кейінгі жоғары көрсеткішке тек 4 балуан ғана қол жеткізген. Олардың қатарында ресейлік Александр Карелин 3 алтын, 1 күміс  (1988, 1992, 1996, 2000), әйелдер күресінен жапон спортшылары Каори Итё 4 алтын (2004, 2008, 2012, 2016), Саори Ёсида 3 алтын, 1 күміс (2004, 2008, 2012, 2016) және грек-рим күресінен Арту Алексанян бар (2012, 2016, 2020, 2024 жылдары) 1 алтын, 1 қола, 2 күміс медаль иеленген).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам