Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Ақтөбелік депутат Демеу Жадыраев пен бапкеріне сыйлығын табыстады

18.08.2024, 13:53

Ал Алматы облысының әкімдігі Демеуге 3 бөлмелі пәтер мен 10 млн теңге берген

Ақтөбелік депутат Демеу Жадыраев пен бапкеріне сыйлығын табыстады
facebook.com/ Ербол Сейілхан

Ақтөбелік депутат Марат Қойлыбаев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен бапкері Боранбек Қоңыратовқа 10 миллион теңгеден табыстады.

Сүйінші хабарды журналист Ербол Сейілхан Facebook парақшасында жариялады.

"Марат Қойлыбаев ағам мәрт екен. Ұлт жанашыры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Қойлыбаев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа сый-сыяпатын жасады. Демеудің жеке бапкері Боранбек Қоңыратовты да ренжітпепті. Оған да 10 миллион берді. Міне, алаштың бір ұлы деп қолдап, қолтықтан демейтін осындай жөн, жол білетін ел ағалары көп болсын", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Алматы облысының әкімдігі Демеу Жадыраевқа 3 бөлмелі пәтер мен 10 млн теңгенің сертификатын табыстаған еді. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам