Фристайлдан әлем чемпионы қазақстандық Юлия Галышева әлем кубогінде жеңіліп қалды

03.12.2023, 12:32

Ол жарыс фавориттерінің бірі саналған

Фристайлдан әлем чемпионы қазақстандық Юлия Галышева әлем кубогінде жеңіліп қалды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева әлем кубогінің финалдық кезеңіне шыға алмай қалды. Жарыс Финляндияның Рука қаласында өтіп жатыр.

Жарыстың басты фавориттерінің бірі саналған Галышева іріктеу кезеңінде 59.92 ұпай жинап, небәрі 20-орынға тұрақтаған. Ал, финалға үздік 16 фристайлшы шығады.

Галышева ұтылып қалса да қазақстандық өзге екі фристайлшы финалдық кезеңге жолдама ала алды. Анастасия Городко 65.81 ұпаймен 13-орын алса, Аяулым Амренова 64.44 ұпаймен 15-сатыға табан тіреді.

Айта кетейік, Юлия Галышева 2019 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ, ол әлем біріншіліктерінде екі рет күміс, бір рет қола медаль жеңіп алған. 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?