Алдағы екі жылда лига әлемнің түкпір-түкпірінде турнирлерді дамыту мақсатында 17 миллион доллар жұмсамақ
Professional Gamers League (PGL) Қазақстанда Counter-Strike 2-ден екі ірі турнир өтетінін мәлімдеді.
Рейтингілік турнирлер Астанадағы «Барыс-Арена» стадионында 2025 жылы және 2026 жылы мамыр айында өтеді. Ұйымдастырушылар жарыс өткізу үшін 4 510 мың доллар алатыны айтылған.
PGL мәліметінше, әр іс-шараның сыйақы қоры 1 миллион 250 мың долларды құрап (шамамен 600 миллион теңге), жеңімпаз бен жүлдегерлер арасында бөлінеді.
Алдағы екі жылда лига әлемнің түкпір-түкпірінде турнирлерді дамыту мақсатында 17 миллион доллар жұмсамақ.