Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Ризабек Айтмұқан жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады

28.08.2024, 00:14

Ол бұған дейін жастар арасында әлемнің күміс жүлдегері атанған

Ризабек Айтмұқан жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады
olympic.kz

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан жастар арасында өтетін дүниежүзілік біріншілікте сынға түседі. Белгілі спортшы 2-8 қыркүйек аралығында Испанияның Понтеверде қаласында өтетін әлемдік додаға баратын ұлттық құрама қатарына қосылды.

Ризабек Айтмұқан өткен жылы 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Содан кейін арада бір ай өткенде ол ересектер арасында әлем чемпионатында топ жарды. Ол уақытта отандасымыз 92 келіде бақ сынаған еді. Бұл жолы Ризабек 97 келіде ел үмітін арқалап отыр.

Сондай-ақ, бұл додада 17 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы Камил Куруглиев пен Лаура Ғаниқызы да белдеседі.

Грек-рим күресі құрамасы:

  • 55 кг - Айбек Айтбеков 
  • 60 кг - Оңдасын Хамитов 
  • 63 кг - Бағдат Сабаз
  • 67 кг - Юсуф Ашрапов
  • 72 кг - Әлихан Тұрсынов 
  • 77 кг - Диас Сейітқалиев
  • 82 кг - Ислам Евлоев 
  • 87 кг - Темірлан Тұрдақын
  • 97 кг - Рахат Бержанов
  • 130 кг - Джохар Узаров

Әйелдер күресі 

  • 50 кг - Лаура Ғаниқызы
  • 53 кг - Еңлік Қабылбек 
  • 55 кг - Алияна Махамбетова
  • 57 кг - Шұғыла Өмірбек 
  • 59 кг - Ангелина Первухина
  • 62 кг - София Змазнева
  • 65 кг - Қорлан Аманова 
  • 68 кг - Бейбіт Сейдуәлі
  • 72 кг - Жібекжан Сабыржанова
  • 76 кг - Алина Ертөстік

Еркін күрес: 

  • 57 кг - Мықтыбек Үкіметұлы 
  • 61 кг - Әбдінұр Нұрланбек 
  • 65 кг - Шаттықк Алайдар 
  • 70 кг - Айқын Болатұлы 
  • 74 кг - Егор Анчугин 
  • 79 кг - Ерхан Бексұлтанов 
  • 86 кг - Навруз Ахмедханов
  • 92 кг - Камил Куруглиев
  • 97 кг - Ризабек Айтмұқан 
  • 125 кг - Әлихан Құсайнов.
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам