“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Елдос Сметов өзі туралы фильм түсіруді қолға алмақшы

28.08.2024, 18:28

Ол 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына да қатысуға ниетті

Елдос Сметов өзі туралы фильм түсіруді қолға алмақшы
olympic.kz

Париж Олимпиадасыныңда дзюдодан чемпион атанған Елдос Сметов болашақтағы жоспарымен бөлісті. Еліміздің танымал спортшысы Qazaqstan арнасына берген сұхбатында өзі туралы фильм түсіргісі келетінін айтты.

«Тарихи жеңісімнің артында үлкен еңбек пен күш-жігер жатыр. Басымнан өткен қиындықтар туралы көп адам біле бермейді. Сондықтан артымнан ерген жас спортшыларға мотивация болатындай фильм түсіру ойда жүр», - деді Елдос Сметов.

Ерекше ой тараздық спортшыға 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарынан кейін келген.

Сондай-ақ, дзюдошы неліктен 2028 жылы АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды көздеп отырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, Париждегі ойындарда топ жарғаннан кейін ол екі дүркін Олимпиада чемпионы атансам деген ойға бекінген. Сол себепті, спортшы алдағы циклда татамиге шығып, өз шеберлігімен жанкүйерлерін тәнті етуді көздеп отыр.

«Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - деді Елдос Сметов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам