Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ешқашан ешнәрсе бермеген»: әкімдік бокал сыйлаған әлем чемпионы ағынан жарылды

29.08.2024, 09:46

Пара спортшыны тіпті жұмысқа алудан да бас тартқан

«Ешқашан ешнәрсе бермеген»: әкімдік бокал сыйлаған әлем чемпионы ағынан жарылды
instagram.com/jarma_audanynyn_akimdigi/

Осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде пара-армрестлингтен әлемнің 8 дүркін чемпионы Зарина Примакқа әкімдіктің бокалдар жинағын сыйлағаны қызу талқыға түсті. Жұрт мұны мазақ қылды деп қабылдаған. Tengri Sport тілшісі спортшының өзімен сұхбаттасып, оқиғаның мән-жайын сұрап білді.

Айта кетейік, оқиға Абай облысына қарасты Жарма ауданын болған.

«Ол фотосуретте Жарма ауданы әкімінің орынбасары мен Шар қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры болды. Олар келіп мені құттықтады, өздеріңіз көрген сыйлықты сыйлады, әлем чемпионаты алдында армрестлингтен жарыста төреші болғаным үшін алғысын айтты», - дейді Зарина Примак.

- Әлем чемпионатындағы жеңіс үшін ешнәрсе берген жоқ па?

- Жоқ, олар тек ауызша құттықтады. Олар тіпті, менің қанша рет әлем чемпионы болғанымды білмейді. «Сегіз дүркін чемпионмын» деп қайта-қайта айтамын, бірақ бәрібір ұмытып қала береді.

- Ал, бұған дейінгі жылдарда чемпион болғаныңызда жергілікті билік сый-құрмет жасады ма?

- Мен олардан ешқашан ешнәрсе алған емеспін. Біз бапкерім Төлеген екеуміз шетелге жарысқа шыққанда жолымызды да көтерген емес. Ұшаққа билеттерді өзіміз сатып алдық, бірақ рейс кешігіп билетіміз күйіп кетті. Бапкерім өз ақшасына жаңасын сатып алды. Күйген билеттің ақшасын әлі қайтарған жоқ. 

- Сіздің сопртты өңірде қаржыландырмай ма?

- Армрестлингтен ұлттық құрама мүшесі болғаным үшін 180 мың теңге стипендия төлейді.

- Ал, жеңістеріңіз үшін сыйақы бермей ме?

- Жоқ. Мен жұмысқа орналасқым келген. Алғашында өздері шақырды. Кейін бірінші топтағы мүгедексің деп жұмысқа алмады. Олармен сөз таластырғым келген жоқ, сол стипендияға күн көріп келемін.

Айта кетейік, Парижде бүгін Паралимпиада ойындары жалауын көтерді. Қазақстанның 25 спортшысы аталған сында бағын сынайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам