Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Елдос Сметов Ақордада Шәміл Серіков туралы айтуды ұмытып кетті ме?

29.08.2024, 11:16

Даңқты спортшы КСРО басшыларының бұйрығын орындамағаны үшін қуғындалған

Елдос Сметов Ақордада Шәміл Серіков туралы айтуды ұмытып кетті ме?
Ақорда

Дзюдо күресінен Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Ақордаға президенттің қабылдауына барғанда Жақсылық Үшкемпіровтен кейін 44 жылдан соң алтын алғанын айтты. Алайда, ол ұлты қазақ тағы бір чемпион Шәміл Серіковтің есімін айтуды ұмытып кеткен секілді.

«Жақсылық Үшкемпіровтің жеңісінен соң 44 жыл өткенде Олимпиада алтынын елімізге әкелгеніме, Париж төрінде әнұранымызды ойнатып, туымызды көтергеніме өте қуаныштымын», - деді спортшы Тоқаевтың алдында.

Негізі 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек-рим күресінен екі қазақ балуаны чемпион атанған. Біреуі Жақсылық Үшкемпіров болса, екіншісі Шәміл Серіков.

Шәміл Серіков – грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы. Алғаш 1978 жылы Мехикода топ жарса, келесі жылы АҚШ-тың Сан-Диего қаласында бұл жетістігін тағы қайталады.

Ал 1980 жылы Олимпиада ойындарында топ жарды. Спортшы үш жыл қатарынан әлемде теңдесіз болды. 

1981 жылы мамырда Серіков спортшылармен бірге БАМ-ға барудан бас тартты. Осылайша партияның бұйрығын бұзды. Құрама басшылығы мұны кешірмеді, спортшыны командадан шығарып тастады. Тиісінше, оның есімі де БАҚ беттерінен жоғалды, жұрт ұмыта бастады.

1989 жылы 33 жастағы Шәміл Серіков өзіне қол жұмсап қайтыс болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам