Байрақты сында Қазақстанның 25 пара спортшысы бақ сынайды
Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.
R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов финалға шығып, күміс жүлдеге болды. Бұл Қазақстан спортшылары Франция астанасындағы параойындарда қол жекізген әзірге алғашы медаль болып отыр.
Бүгін отандасымыз іріктеу кезеңінде 619.5 ұпай жинап, финалға жолдама алған еді.
Сондай-ақ, паратаеквондадан 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 санаты бойынша сынға түскен қазақстандық Нұрлан Домбаев Марокко елінің өкілі Рашид Исмаил Алауимен іріктеу жекпе-жегінде кездесіп, қарсыласын 12:7 есебімен жеңді.