Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Шәміл Серіковтің атағын аспандатқан үш дүркін Олимпиада чемпионы өмірден өтті

02.09.2024, 16:14

Ол қазақ балуанын Олимпиаданы бірнеше рет ұтады деп топшылаған

Шәміл Серіковтің атағын аспандатқан үш дүркін Олимпиада чемпионы өмірден өтті
Sputnik Беларусь

Кеңес Одағы тұсында еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы атанған беларусь балуаны Александр Медведь 87 жасында өмірден өтті.

Қаралы хабарды спорт жанкүйерлеріне Беларусь күрес федерациясы жеткізді.

«Бүгін әлем спортының аңызы, ХХ ғасырдың үздік балуаны, үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Васильевич Медведь 87 жасында дүниеден озды. Бұл қайғыны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жатқан жерің жайлы болсын, аңыз. Александр Васильевичтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», - делінген аталған хабарламада. 

Айта кетейік, Александр Медведь үш түрлі салмақ дәрежесінде (жартылай ауыр, ауыр және абсолютті) үш дүркін Олимпиада чемпионы (1964, 1968, 1972) болды. Сондай-ақ, ол жеті рет әлем чемпионы (1962-1963, 1966-1967, 1969-1971), үш рет Еуропа чемпионы (1966, 1968 және 1972) және тоғыз рет КСРО чемпионы (1961-1970) атанған.


Фото: topnews.ru

Еске салса кетсек, Медведь тірі кезінде қазақ балуаны, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Шәміл Серіковті ерекше бағалаған.

«Шәмілде осал жер жоқ. Оның ең үлкен қаупі де осы осалдығының болмауы. Шәміл осы бабында болса, бір дүркіннің орнына неше дүркін деген абыройдың асқар биігінен көріне жатар. Алайда, Олимп шыңына қайта шығу Шәмілдің маңдайына жазылмапты», - деп қазақ балуанына бағасын берген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам