Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Алтынға қол жетпеді»: Еркін күрес құрамасының бапкері әлем чемпионатына баға берді

02.09.2024, 14:55

Бүгін Испанияда 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты басталады

«Алтынға қол жетпеді»: Еркін күрес құрамасының бапкері әлем чемпионатына баға берді
ҰОК

Таяуда Иорданияда 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы аяқталған әлем біріншілігінде тек екі жүлде иеленген отандық еркін күрес құрамасының аға бапкері Дәулет Ниязбеков басты мақсатқа қол жетпегенін айтады.

Белгілі маманның айтуынша, балуандар әлем біріншілігінде барын салған. Алайда, жастар құрамасынан ешкім чемпион атана алмады.

"Балуандарымыз алтын алу үшін барын салды. Аянып қалмады. Былтырғы әлем чемпионатынан кейін мақсатты түрде осы бәсекеге дайындалдық. Ресейде өткен Сайтиевтің жүлдесіне арналған жарысқа қатыстық. Бекасыл Асамбек пен Едіге Қасымбектің чемпион атанарына күмәніміз болмаған. Едіге өткен жылғы әлем чемпионатының күмісін алған соң, биыл алтын алуды мақсат еткен. Өкінішке қарай, жарыс жақындағанда аяғын ауыртып алды», - деді Дәулет Ниязбеков Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Аға бапкер жеребе кейбір балуандар үшін ауыр тигенін де алға тартты.

«Бекасыл да жеребенің ауырлығына қарамастан, жақсы күресті. Осы әлем біріншілігінде толыққанды дайындық жүргізген едік. Енді жарыста кеткен қателіктерді түзеп, алдағы додаларға дайындаламыз", - деді ол.

Айта кететін жайт, бүгін Испанияда 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты басталады. 2-8 қыркүйек күндері аралығында өтетін біріншілікте еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан да белдеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам