Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Үкімет спортты дамыту үшін қандай шара қабылдайтыны белгілі болды

03.09.2024, 18:11

Тамара Дүйсенова спортты дамытуға байланысты енгізілетін өзгерістер туралы айтты

Үкімет спортты дамыту үшін қандай шара қабылдайтыны белгілі болды
primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова спорт саласын дамытуға қатысты негізгі жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі енгізіледі.

«Дене шынықтыру және спорт саласында Мемлекет басшысы қойған мақсаттарды орындау үшін мынадай шаралар қабылданады. Алдымен саланы дамытудың үш сатылы жүйесі құрылады. Оның біріншісі бұқаралық спорт, кейінгі сатылары жоғары жетістіктер спортына қатысты. Жоғары жетістіктер спорт түрлері қайта қарастырылады. Ол тізімге Олимпиада, Азия, Паралимпиада ойындары, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері кіреді», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында. 

Енді спортқа бөлінетін қаржыны нәтижелі әрі тиімді пайдалану үшін қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі енгізіледі. 

«Спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен спорттық медицина, фармакология, диетология, психология саласының мамандарын дайындау жүйесі қайта қарастырылады. Әкімдіктермен бірлесе отырып аймақтардағы спорттық инфрақұрылым кеңейтіледі. Бұл өзгерістер Мәжілісте қарастырылып жатқан заң жобасы аясында енгізіледі», - дейді Т. Дүйсенова. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам