ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Бұған дейін қоржынға бір күміс және төрт қола жүлде түскен болатын

UWW
UWW

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық Ислам Евлоев чемпион болды деп хабарлады Olympic.kz.

Грек-рим күресінен 82 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Евлоев финалда әлемдік рейтингте 7-орында тұрған түркиялық балуан Альперен Белберді жеңді. Финалдық белдесудегі есеп – 9:3, Евлоевтің жеңісі. 

Турнир барысында Ислам Евлоев Чехия, Германия, Қытай балуандарынан басым түсті. Ал оның жартылай финалдағы қарсыласы белдесуге шыққан жоқ.

Сондай-ақ, діл осы жарыста Қазақстанның тағы бір балуаны күміс жүлде жеңіп алды. 67 келі салмақ дәрежесінде күрескен Юсуф Ашрапов финалға дейін жетіп сүрінді. Ол ақтық сында ирандық Ахмедреза Мохсен Нежадтан 2:0 есебімен ұтылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам