“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатында Испаниямен тең түсті

15.09.2024, 19:21

Дәурен Тұрсағұлов дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылды

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатында Испаниямен тең түсті
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда басталған әлем чемпионатында алғашқы ойынын Испаниямен өткізді.

Футзалдан ел құрамасы Испаниямен тең тарқасты.

Кака баптайтын команда жылдам есеп ашты. Матчтың 7-секундында ұлттық құрама үздіктерінің бірі Біржан Оразов есеп ашты. 

Өкінішке қарай, бірінші таймда Дәурен Тұрсағұлов дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Қазақстан 2 минут алаңда бір ойыншыға кем ойнап, Испанияға төтеп берді. Бірақ одан кейін шабуыл жасауын тоқтатпаған Испания Гордильоның шеберлігінің арқасында есепті теңестірді. Игита аталған футболшының алғашқы соққысын сәтті тойтарған болатын. Алайда Гордильо екінші мүмкіндігінен нәтиже тіркей алды. Қорытынды есеп: 1:1.

Енді Қазақстан 18 қыркүйек күні дәл осы Андижан спорт-кешенінде Ливиямен бақ сынасады. Ойын 17:30-да жоспарланған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам