Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Маңғыстауда ұлттық спортқа бөлінген 117 млн теңгені бас есепші қалтасына басқан

17.09.2024, 10:28

Орталықтың басшысына рақымшылық жасалып, бас есепші 7 жылға сотталды

Маңғыстауда ұлттық спортқа бөлінген 117 млн теңгені бас есепші қалтасына басқан
Туризм және спорт минитсрлігі

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады.

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.

Аталған деректі облыс прокуратурасы тергеп, қылмыстық іс ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру)  сотқа жолданды.

Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған. Бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас ботандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам