Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Дзюдодан Алматыда өтетін әлемдік турнирге Қазақстан атынан 4 клуб қатысады

07.12.2023, 08:57

Жүлде қоры 100 мың доллар

Дзюдодан Алматыда өтетін әлемдік турнирге Қазақстан атынан 4 клуб қатысады
olympic.kz

Желтоқсан айының соңғы он күндігінде Алматыда дзюдодан клубтар арасында JenysCup турнирі өтетіні белгілі. Аталған сынға әлемнің бірнеше мемлекетінен 17 клуб қатысады. Бұл жарысқа Қазақстан атынан 4 командасын қосып отыр. 

Жүлде қоры 100 мың долларды құрайтын әлемдік жарыста «Жеңіс», «Қайсар», «Жеңіс-2», «Жеңіс жастар құрамасы» секілді 4 клуб ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, Ресей Федерациясынан «Локомотив», «Родина» және «Edelweiss1» дзюдо клубтары белдесетіні анықталды. Бұдан бөлек, France team (Франция), Seven klub (Өзбекстан) , Shevardeni (Грузия), Bars (Қырғызстан), Spanish team (Испания), Stayki (Белорусь), Turan (Әзірбайжан), Hoji Sharif (Тәжікстан), Моңғолия дзюдо федерациясының клубтары Алматыдағы халықаралық турнирге келеді.

Клубтық турнир 21 желтоқсанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады. Жарыста Лука Майсурадзе, Гурам Тушушвили, Елдос Сметов, Ерлан Шеров, Сомон Махмадбеков, Жансай Смағұлов, Тато Григашлашвили сынды белгілі дзюдошылар татамиге шығады. 

Бұдан бөлек, жеңімпаз атанған клуб 30 мың, екінші орын игері 20 мың, үшінші орынға 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам