Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы 15 жылға сотталды

07.12.2023, 15:48

Ол Росгвардия қызметкерін атып өлтірген

Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы 15 жылға сотталды
Черновик

Дағыстанның жоғарғы соты қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы Шахбан Мачиевті 15 жылға сырттай соттады деп жазады РИА Новости. Ол 2018 жылы Махачкалада Росгвардияның қызметкерін өлтірген.

2018 жылдың 18 қарашасына қараған түні Махачкаладағы караокелердің бірінде жаппай төбелес және атыс болған. Қақтығысты ажыратпақ болған Росгвардияның қызметкері бірнеше рет оқ жарақатын алған, бір оқ басына тиген.

Күдіктілердің бірі Шахбан Мачиев болған. Ол да сол төбелесте оқ жарақатын алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын. Жағдайы түзелгеннен кейін спортшы қамауға алынды. Алайда, 2021 жылы болған сотта ол ақталып шықты. Ал, іс қайта қарауға жіберілді.

Бостандыққа шыққан сәтте Шахбан Мачиев шетелге қашып кеткен. Тергеу жұмыстары оның қатысуынсыз өтіп, бүгін сот та оған үкімді сырттай кесті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам