Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Тиімсіз жұмыс жүргізгенін көрдік»: қырғыз маманы Көшпенділер ойынынан қып-қызыл шығын келетінін ескерткен

20.09.2024, 22:46

Алайда, Туризм және спорт министрлігі оның сөзіне құлақ аспапты

«Тиімсіз жұмыс жүргізгенін көрдік»: қырғыз маманы Көшпенділер ойынынан қып-қызыл шығын келетінін ескерткен
Астана қалалық әкімдігі

Қазақстанда өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынынан біздің ел қаржылай қып-қызыл шығынға батқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Шараны ұйымдастыруға мемлекет 5,7 млрд теңге жұмсаса, түскен табыс сомасы небәрі 300 миллион теңгені құрапты.

Бұл жаңалықты естігенде тек қазақстандықтар емес, қырғыз азаматтары да жағасын ұстапты. Солардың бірі – Көшпенділер ойынын өткізу идеясының авторы, Қырғызстан Туризм министрінің бұрынғы орынбасары Мақсат Чаки. Ол осындай жағдайдың алдын алу үшін Қазақстанның Туризм және спорт министрлігіне бірнеше рет ұсыныспен келгенін айтып отыр. Алайда, біздің шенділер оның сөзіне құлақ аспаған.

«Өте өкінішті. Осындай жағдайдың алдын алу мақсатында жыл басында мен Қазақстан Туризм және спорт министрінің орынбасарымен кездестім. Қазақстанның жетекші туристік сарапшылары Исатай Аңсат және Жазира Жданкина Туризм министрлігіне біздің ұсыныстарымыз бен жобаларымызды тыңдауды ұсынды. Өйткені біз V Ойындар дирекциясының тиімсіз жұмыс жүргізіп жатқанын көрдік.

Сол кездегі министрмен кездесуді күттік, бауырластарға көмектескіміз келді. Бірақ ол бізді де, ұсыныстарымызды да қабылдамады. Қырғызстан көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі туризм үлесін бірнеше есе арттыра алды», - деп жазды Мақсат Чаки өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан құрамасы 44 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам