Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Бекзат Саттарханов туралы кітап жарық көрді

25.09.2024, 14:47

Кітапта Бекзат Саттархановтың өмірі жайлы тың деректер қамтылған

Бекзат Саттарханов туралы кітап жарық көрді
instagram.com/kazhenov.aslan

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов туралы жаңа кітап жарық көрді.

Ел тарихындағы танымал спортшы туралы кітапты қаламгер Азамат Әбілқайыр жазып шыққан. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Әріптесім Азамат Әбілқайыр жаңа ғана керемет жаңалықпен қуантты. Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі жайлы тың ақпараттар іздеп, арнайы зерттеулер жүргізіп, жиған-тергенін бір кітапқа біріктірген екен. Басылым бүгіннен бастап сатылымға шығады. Бағасы қолжетімді. Барлық жас деңгейіне арналған. Әсіресе, жасөспірімдер мен жастар, оның ішінде, бокста жүрген өскелең толқын өзіне қажетті біраз дүниені табады деген сенімдемін», - деді Аслан Қаженов.

Бекзат Саттарханов туралы бұған дейін бірнеше кітап жарық көрген. Сонымен бірге, жазушы Бейбіт Сарыбай да даңқты боксшы туралы шығарма жазуды қолға алғанын айтқан еді.

Түркістан қаласының тумасы Бекзат Саттарханов 2000 жылы Сиднейде бокстан 57 келіде чемпион атанды. Ол қазақ спортшылары арасында Қазақстан тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған спортшы ретінде тарихқа енді. Алайда Саттарханов Олимпиададан кейін тура үш ай өткенде жол апатынан қаза тапты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам