Алтыннан бөлек, атлеттеріміз 5 рет күміс және 10 мәрте қола жүлдеге қол жеткізген
Биыл Қазақстан спортшылары әлем чемпионаттарынан 7 алтын медаль иеленді. Бұл көрсеткіш мемлекет спортындағы ең ірі айтулы жетістікке баланып отыр.
Салыстырмалы түрде, отандық спортшылар 2022 жылы тек әлем біріншілігінен бір ғана алтын медаль олжалаған. Оның өзін кениялық легионерге тиесілі еді.
Еліміздің атын асқақтатқан спортшылардың көш басында Ташкенттегі тарихи жеңістерді ерекше атауға болады. Бұл додада біздің бес боксшымыз финалға шығып, оның төртеуі жеңімпаз атанды. Олардың ішінде Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай есімі әуесқой бокс тарихында өшпестей болып жазылды.
Бұдан кейін биыл күрес түрлерінен қазақ балуандары араға 25 жылдан кейін әлем чемпионатында топ жарды. Ол – Ризабек Айтмұқан есімді спортшы. Отандасымыз еркін күресте қазақтан тұңғыш әлем чемпионы болғанын да ерекше айтуымыз керек.
Сондай-ақ, Фатима Ирназарова мен Александра Сәдуақасова мергендік татынып, Бакуде өткен әлем чемпионатында нысана көздеуден әлемнің үздік сұрмергені атанды.
Айта кететін жайт, биыл Қазақстан спортшылары әлем чемпионатынан жалпы саны 22 жүлде еншілеген. Алтыннан бөлек, атлеттеріміз 5 рет күміс және 10 мәрте қола жүлдеге қол жеткізген.