Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Америкалық спортшы салмақ өлшеу рәсіміне тымақ киіп шықты

28.09.2024, 13:46

Брендан Аллен − UFC ростеріндегі ең ерекше спортшылардың бірі

Америкалық спортшы салмақ өлшеу рәсіміне тымақ киіп шықты
Getty Images

Парижде UFC Fight Night 243 турнирі өтіп, онда Брендан Аллен мен Нассурдин Имавов кім мықтыны анықтайды.

Америкалық спортшы салмақ өлшеу рәсіміне қазақтың бас киімін киіп келіп, көпшілікті таңғалдырды.

Брендан Аллен − UFC ростеріндегі ең ерекше спортшылардың бірі. Орта салмақ өкілі промоушен іс-шараларына үнемі қызын ертіп келеді, одан қалды көпшілік оның тымақ киіп жүретінін де жақсы біледі.

Алленге тымақты Шавкат Рахмоновтың өзі сыйға тартқан. Себебі ол американдық Kill Cliff залында жаттығу жасайды, бұл жаққа Шавкат та жиі барып тұрады. Бұған дейін «Номад» Алленге қазақтың бас киімі қатты ұнап қалғанын, өзіне осындай тымақ сұрағанын айтқан. Содан бері Брендан турнирлерге тымақты киіп шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам