Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көкпар дауы: Сыртқы істер министрлігі түсінік берді

02.10.2024, 16:58

Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары жаппай төбелесе жаздаған

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көкпар дауы: Сыртқы істер министрлігі түсінік берді
Сыртқы істер министрлігі

12 қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардың финалында Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары жаппай төбелесе жаздаған болатын. Осы жағдай екі ел арасында үлкен резонанс тудырды. Бұған қатысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров та пікір білдірді.

«Қырғызстанмен жақсы қарым-қатынастамыз. Спорт саласында қандай да бір келіспеушілік туындаса, бұл жай ғана спорт деп қабылдайық. Мұнда ешқандай саясат жоқ. Біз ғасырлар бойы көрші болдық және солай болып қала бермекпіз. Көкпаршылар дегеніміз ат үстіндегі қатыгез адамдар. Әрине, көкпар кезінде қаны қайнап, эмоционалды мінез-құлық болады. Оған алаңдайтын ештеңе жоқ. Бұл жағдай екі елдің қарым-қатынасына еш әсер етпейді», - деп түсіндірді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, финалда бірінші таймның соңына 6 минут қалғанда 3:1 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шыққан. Осыдан кейін жанжал басталып кетті. Спортшылар бірін-бірі қамшымен ұрды. Кейін полиция келіп, оларды ажыратты. Финал уақытша тоқтатылды. Қос тарап сабырға келіп, кейіннен ойын жалғасты. Қазақстан 5:4 есебімен жеңіске жетті. Қырғызстандық спортшылар марапат аяқталғанын күтпей трибунадан кетіп қалды. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам