Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі

02.10.2024, 17:34

Талғат Орынбасар финалда әзірбайжандық Низами Имрановқа жол берді

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі
t.me/kazjudoteam

Қазақстандық жас дзюдошы Талғат Орынбасар  Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Ол жұбаныш финалында әзірбайжандық Низами Имрановпен кездесті. Екеуара тартысты кездесу негізгі уақытта тең аяқталып, қосымша уақытта отандасымыз Талғат Орынбасардың еншісіне шешілді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан ол бүгін жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Ол іріктеу кезеңінде Матья Жеремик (Сербия), Адис Орозмаматовты (Қырғызстан) жеңді. Ширек финалда тәжікстандық қарсыласына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Винчензо Манферлоттиді (Италия) жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.
 
Аталған салмақ дәрежесінде жапониялық Ямато Фукуда жеңімпаз атанды. Тәжікстандық Лойқ Кудбудинов күміске, Талғат Орынбасар мен өзбекстандық Муродил Муродиллаев қола жүлдеге ие болды. Осылайша, отандасымыз Талғат Орынбасар 2023 жылғы жетістігін қайталады.
 
Айта кетерлігі, Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлем чемпионатына 67 елден 531 жас татами шебері қатысып жатыр. Әлем біріншілігі 7 қазанға дейін жалғасады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам