Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Абиба Әбужақынова Абу-Даби турнирінің қола жүлдегері атанды

11.10.2024, 18:19

Ерлер арасында да ел қоржынында бір қола медаль бар

Абиба Әбужақынова Абу-Даби турнирінің қола жүлдегері атанды
IJF

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Абу-Даби Гранд-Слэмінде қола жүлдегер атанды. Отандасымыз үшінші орын үшін белдесуде германиялық Сара Ичхтан басым түсті.

Белдесуде неміс дзюдошысы белсенділік танытпағаны үшін екі рет төрешіден ескерту алды. Алайда, кездесу тізгінін қолға алған ол Абибаға нәтижелі әдіс жасап, вазари ұпайын иеленді. Сол сәтте Әбужақынова оны алып соғып, татамиде жауырынымен жатқыза ұстап жеңіске жетті.

Осылайша ол Париж Олимпиадасынан кейін алғашқы жарысында жүлде иеленді.

Айта кететін жайт, Әбужақынова бүгінгі турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалған еді. Жарысты ширек финалдан бастағандықтан ол жұбаныш белдесуінде француз спортшысын ұтып, шешуші сәтте мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Сондай-ақ, ерлер арасында бүгін 60 келіде қола жүлде үшін Мағжан Шамшадин мен Дәурен Сүйеукенов бір-бірімен белдеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам