Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Абу-Даби Гранд Слэмінің қола жүлдесі үшін екі қазақ күресіп, Дәурен Сүйеукенов жеңімпаз атанды

11.10.2024, 18:50

Белдесу тағдырын «сары қағаз» шешті

Абу-Даби Гранд Слэмінің қола жүлдесі үшін екі қазақ күресіп, Дәурен Сүйеукенов жеңімпаз атанды
Архив: olympic.kz

Абу Дабиде дзюдодан өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінде Дәурен Сүйеукенов қола жүлдеге қол жеткізді.

60 келіде сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін белдесуде командаласы Мағжан Шамшадиннен басым түсті. Белдесу барысында белсенділік танытпағаны үшін төреші Шамшадинге 2 рет ескерту берген еді. Алайда, нәтижелі әдіс болмағандықтан соңғы сәтте қос балуан тағы да ескерту иеленіп, нәтижесінде 3-ші шидоны алған Мағжан жүлдесіз қалды.

Бүгінгі турнир барысында Сүйеукенов алғашқы белдесулерінде Молдова және Әзірбайжан өкілдерін жеңгенімен, ширек финалда IJF командасының мүшесі Изнаур Сааевтан айласын асыра алмады. Ал, жұбаныш белдесуінде Өзбекстан өкілін ұтқан ол қола жүлде үшін күресте Қазақстанның өзге дзюдошысымен үшінші орынды сарапқа салды. 

Мағжан Шамшадин турнирді екінші айналымнан бастап, жартылай финалға дейін жетті. Бірақ финалға шығар жолда Франция өкілі Цедрик Револға жол берді.

Сондай-ақ, үшінші орын үшін белдескен 48 келідегі Абиба Әбужақынова да турнирдің қола жүлдегері атанды. Бұдан бөлек, 66 келіде Әділет Берікұлы алғашқы айналымда Италия спортшысын жеңгенімен, екінші белдесуінде өзбек спортшысынан ұтылып қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам