Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Абу Дабиде бүгін белдескен қазақ дзюдошылары жаппай жеңілді

12.10.2024, 14:19

Қазақстан құрамасының 5 дзюдошысы жарысты аяқтады

Абу Дабиде бүгін белдескен қазақ дзюдошылары жаппай жеңілді
Сали Сабиров

Абу Дабиде басталған Гранд Слэм турнирінің екінші жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан құрамасының 5 дзюдошысы жарысты аяқтады.

Ерлер арасында 73 келіде сынға түскен Дархан Қойбағар сербиялық Байсангур Баджаевтан ұтылды. Бұл салмақтағы тағы бір балуанымыз Ермек Аманкелді алғашқы белдесуін жеңіспен бастағанымен, екінші айналымда жапон дзюдошысынан айласын асыра алмады.

81 келіде Жалғас Қойбағар ресейлік Абдул-Керим Тасуевтан айласын асыра алмады. Осы салмақта белдескен маңғыстаулық Руслан Мұсаев Италия дзюдошысы Винчензо Пеллинграға жол берді.

Ал әйелдер арасында 63 келіде өнер көрсеткен Есмигүл Құйылова бірінші белдесуінде Италия спортшысынан ұтылып қалды.

Кеше турнирде өнер көрсеткен Абиба Әбужақынова (48 кг) мен Дәурен Сүйеукенов (60 кг) қола жүлде ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам