ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Әлем чемпионатына қатысатын грек-рим құрамасының балуандары белгілі болды

Ұлттық құрама сапында классикалық күрестен 4 балуан белдеседі

ҰОК
ҰОК

Қазан айының соңында Албанияда күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежедері бойынша әлем чемпионаты өтеді. Аталған сында грек-рим күресінен сынға түсетін ұлттық құрама балуандары анықталды.

Тиранада 29-31 қазан күндері аралығында ұлттық құрама сапында классикалық күрестен 4 балуан белдеседі.
 
55 кг: Исхар Курбаев

63 кг: Ержет Жарылқасын

72 кг: Мейіржан Шермаханбет

82 кг: Евгений Поливадов

Бұған дейін аталған сында белдесетін еркін және әйелдер құрамасының балуандары анықталды. Олардың қатарында әлем чемпионатының жүлдегерлері Нұрқожа Қайпанов пен Жәмила Бақбергенова да бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам