Бірнеше рет тәртіп бұзған Нұрасыл Болаттың той тойлап жүрген видеосы таралды
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат тағы да елді дүрліктірді. Әлеуметтік желіде Нұрасылдың туған күнде отырған видеосы таралып кетті. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті аталған жағдайға байланысты пікір білдірді.
"Пробациялық бақылауды бұзу фактісі бойынша сотталған адамға (Нұрасыл Болатқа) ескерту жасалды, жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа материал дайындалып жатыр", – делінген комитеттің ресми жауабында.
Еске сала кетейік, Нұрасыл Болат мамыр айының ортасында екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Талапқа сәйкес, ол шетелге шыға алмайды, клубтар мен барларға бара алмайды, алкогольдік ішімдіктерді іше алмайды, сағат 23.00-ден кейін үйден шықпауы керек.