Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Дзюдодан алдағы үш жылда әлем чемпионаты өтетін елдер тізімі анықталды

14.10.2024, 13:53

2027 жылы Қазақстанда әлем чемпионаты өтеді

Дзюдодан алдағы үш жылда әлем чемпионаты өтетін елдер тізімі анықталды
IJF

Дзюдодан Лос-Анджелес Олимпиадасына дейін әлем чемпионаттары өтетін қалалар белгілі болды. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) алдағы олимпиадалық циклда өтетін әлем біріншіліктері туралы шешімін жариялады.

Күнтізбелік жоспар бойынша 2025 жылы әлем біріншілігі Венгрия астанасы Будапеште өтеді. Бұл қалада 2017 және 2021 жылдары аталған біріншілік ұйымдастырылған болатын.

Ал 2026 жылы Әзірбайжанда әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Баку 2018 жылдан кейін араға 8 жыл салып кезекті дүниежүзілік біріншілікті қабылдағалы отыр.

Өткен аптада еліміздің туризм және спорт министрлігі 2027 жылы Қазақстанда әлем чемпионатын өткізу туралы келісімге қол жеткізгенін атаған болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионаты биыл БАӘ-нің Абу Даби қаласында өтіп, бұл сында қазақстандық Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам