Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатының командалық сынында қола жүлде иеленді

18.10.2024, 19:46

Қазақ дзюдошылары шешуші сында Италия құрамасынан басым түсті

Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатының командалық сынында қола жүлде иеленді
Видеодан кадр

Дзюдодан Қазақстан ұлттық ерлер құрамасы әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ташкентте аяқтаған әлем біріншілігінде қазақ дзюдошылары шешуші сында Италия құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті.

Командалық сында Қазақстан құрамасы жеребе бойынша В тобына түскен болатын. Отандық татами шеберлері алғашқы айналымда Франция құрамасын 4:1 есебімен жеңсе, екінші айналымда Оңтүстік Корея құрамасына 3:2 есебімен есе жіберді. Дегенмен, Оңтүстік Корея құрамасы финалға шыққан соң, Қазақстан командасы жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды.

Жұбаныш белдесуінде Испания мен Алжир құрамасын 3:0 есебімен ұтып, шешуші сында Италия құрамасынан басым түсті.

Айта кететін жайт, әлем чемпионатының командалық сынында Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы айналымда Италия спортшыларына есе жіберді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам