Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Парижден кейін тойдан босамаған Елдос Сметов жаттығу залына оралды

18.10.2024, 20:04

Спортшы залға 2 жарым айдан кейін оралды

Парижден кейін тойдан босамаған Елдос Сметов жаттығу залына оралды
Видеодан кадр

Дзюдодан Париж Олимпиадасында чемпион атанған Елдос Сметов арада 2 жарым айдан астам уақыттан кейін жаттығу залына оралды.

Белгілі татами шебері бұл туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында айтып, бейнежазба жариялады.

«Баршаға кеш жарық! Ертеңгі демалыс сәтті өтсін! Кешкі жаттығуды бастадық. Тер шығармағалы біраз уақыт болды. Жақсы болып қалдық. Көңіл-күй керемет», - деді Елдос Сметов.

Париж Олимпиадасында ел тарихында дзюдодан тұңғыш чемпион атанған Елдос Сметовке ерекше құрмет көрсетіліп, әлі күнге жалғасып келеді. Спортшыға мемлекет есебінен бөлек, жеке демеушілер бағалы сыйлықтарын табыс етті. Оның ішінде жол талғамайтын қымбат көліктер мен Астана мен Алматы қаласынан пәтер бар. Сонымен бірге, қомақты сомада ақшалай сыйлық және Ақтөбе облысында белгілі кәсіпкер 100 бас жылқы сыйлаған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам