Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Күрестен әлем чемпионатының жеребесі тартылды

21.10.2024, 09:04

Алғашқы белдесулер бүгін басталады

Күрестен әлем чемпионатының жеребесі тартылды
olympic.kz

21-27 қазан аралығында Тиранада (Албания) күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты өтеді. Жарысты грек-рим күресінің балуандары бастайды.

Бүгін жеребе тартылып, қазақ балуандарының қарсыластары анықталды.

55 келі: 

Ербол Камалиев - Максим Ступакевич (Бейтарап спортшы);

60 келі: 

Досжан Өтепқалиев - Хасан Мұхаммед Әл-харти (Сауд Арабиясы);

63 келі:

Нұрсұлтан Базарбаев - Арам Варданян (Армения)/Амарильдо Ласка (Албания);

67 келі:

Дін-Мұхамед Қошқар - Адомас Григалюнас (Литва);

72 келі:

Мерей Мәулетқанов - Мұхаммед Әли Гёчмен (Түркия)/Әділхан Нұрланбеков (Қырғызстан);

77 келі:

Темірлан Қаратай - Исмаил Барахоев (Бейтарап атлет);

82 келі:

Альмир Төлебаев - Кун Шанг (Қытай)

87 келі:

Бағлан Қуаныш - Марсель Стекеленбург (Нидерланд)

97 келі: 

Бейбіт Қорғанов - Хайк Хлоян (Армения)/Антон Эрих (Германия);

130 келі:

Асылбек Әбдіқалық - Фехри Мұхаммед Айса (Мысыр);

21 қазанда грек-рим күресінен 60, 67, 72, 82 және 97 кг дейінгі салмақтағы іріктеу белдесулері Астана уақытымен сағат 13:30-да басталады.

Айта кетейік, 2023 жылғы әлем чемпионы, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Ризабек Айтмұхан да тағы бір мәрте әлем чемпионы атағы үшін бөзкілемге шығуға бекініп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам