Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалған қазақ дзюдошысы үйленді

21.10.2024, 09:52

Спортшы үйлену тойын Қызылорда қаласында дүркіретіп өткізді

Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалған қазақ дзюдошысы үйленді
Видеодан кадр

Дзюдодан Париж Олимпиадасына қатысушы Нұрлыхан Шархан шаңырақ көтерді.

-100 келіде өнер көрсететін отандасымыз үйлену тойын Қызылорда қаласында дүркіретіп өткізді. Белгілі отандық татами шебері Райгүл есімді арумен бас қосқан.

Дзюдошының тойына оның құрамадағы әріптестері мен жақындары құрметті қонақ болып барған. Спортшының тойының көңілді өткенін дзюдодан әйелдер құрамасының мүшесі Кәмила Берліқаш жазды.

"Қазақстанның кез келген жеріне барамыз. Ең бастысы тамақ дәмді, антрак ұзақ және сыйлық берсеңдер болды", - деді Кәмила Берліқаш.

Нұрлыхан Шархан таяуда Елдос Сметов жасаған тойда өнер иелерімен би жарысқа түсіп, соңғы үлгідегі қымбат телефонды сыйлыққа ұтып алған болатын.

-100 келіде өнер көрсететін спортшы өткен жылы Азия Ойындарында қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, биыл ақпан айының басында Парижде өткен Гранд Слэм турнирінде үздік үштікке енді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам