ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Әлем чемпионатының үшінші күні: балуандарымыз медальсіз қалды

23.10.2024, 17:49

Қазақстандық балуан қыздар алғашқы белдесулерінде қарсыластарына жол берді

Әлем чемпионатының үшінші күні: балуандарымыз медальсіз қалды
instagram.com/qaz_team_official

Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының үшінші күнінде құрамамыз тағы медальсіз қалды.

Жартылай финалдық белдесуге өтуге Лаура Ғаниқызының (50 кг) мүмкіндігі болған, алайда ширек финалда жерлесіміз осы дивизионның көшбасшысы америкалық Сейдж Рейн Мортимерге есе жіберді - 4:14.

Лаура Ғаниқызы әлем біріншілігін 1/8 финалдан бастап, түркиялық Зехра Демирханнан айласын асырды - 6:4.

Қалған қазақстандық балуан қыздар алғашқы белдесулерінде қарсыластарына жол берді.

Айнұр Әшімова (55 кг) - моңғолиялық Отгонтуяа Баянмунх - 2:8.
Гүлдана Бекеш (59 кг) - жапониялық Химека Токухара - 1:7.
Алина Ертөстік (76 кг) - америкалық Елена Макоед - 0:11.
Бейбіт Сейдуалының (68 кг) америкалық Бруклин Сария Хэйсқа шамасы жетпеді - 4:6.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам