Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Ақтөбе әкімі пәтер сыйлаған легионер балуан кір тасын көтере алмады

24.10.2024, 10:12

Ресейден келген легионер балуан екі Олимпиадаға қатысқан

Ақтөбе әкімі пәтер сыйлаған легионер балуан кір тасын көтере алмады
Видеодан кадр

Еркін күрестен Қазақстан атынан екі Олимпиадаға қатысқан Юсуп Батырмырзаев тойда ұятқа қалды. Асаба ойын ойнату кезінде бірнеше балуанды ортаға шығарған еді. Той жүргізушісі 24 келі болатын кір тасын тік ұстаған күйі жиырма рет көтерді. Дәл осылай ұлттық құрама балуандарынан қайталауды сұраған сәтте күтпеген жағдай болды.

Әділет Дәулімбаев пен Токио Олимпиадасының жүлдегері Нұрислам Санаев асабаның көрсеткішін қайталай алса, Юсуп Батырмырзаев мүлдем көтере алмады. 125 келіде белдесіп, Азия чемпионы атанған балуанның бұл жағдайы сынға ұшырады.

Айта кететін жайт, Ресейден келген легионер балуан екі Олимпиадаға қатысып, барлығында бірінші айналымнан жарысты аяқтаған еді. Сондай-ақ, спортшы биыл сәуір айында Бішкекте Олимпиада жолдамасын иеленген соң оған Ақтөбе облысының әкімі 2 бөлмелі пәтер берсе, жергілікті федерация көлік пен ақшалай сыйлық берген болатын.
 
Жамбыл облыстық спорт басқармасы қаулыға өзгерістер енгізіп, чемпионның да жалақысын көтеруге қадамдар жасап жатыр. Бұл келесі жылдан бастап іске асуы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам