ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Абиба Әбужақыноваға көлік мінгізген депутат Ақмарал Науатбекке 1 млн теңге берді

24.10.2024, 20:36

Айдарбек Қожаназаров Абиба Әбужақынова су жаңа жеңіл көлік сыйлаған болатын

Абиба Әбужақыноваға көлік мінгізген депутат Ақмарал Науатбекке 1 млн теңге берді
instagram.com/a1darbek

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназарова Парижде өткен Паралимпиада ойындарында чемпион атанған парадзюдошы Ақмарал Науатбекке көрімдік берді.

Бұл туралы депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, спортшыға көрімдік беріп жатқан сәтін көрсетті. Онда 1 млн теңгенің сертификатын табыстап жатқаны анық байқалады.

Айта кететін жайт, Айдарбек Қожаназаров Париж Олимпиадасында дзюдодан бесінші орын иеленген Абиба Әбужақынова су жаңа жеңіл көлік сыйлаған болатын. Алайда депутаттың чемпион атанған параолимпиадашыға ақшалай сыйақы бергені жанкүйерлерді ойландырып тастағандай.

48 келіде белдесіп, барлық белдесуінде жеңіске жеткен Ақмарал Науатбек биыл Франция астанасынан олжалы оралған еді. Белгілі спортшы елге оралғаннан кейін Үкімет басшысы қабылдап, тиісті марапаттарды табыстаған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам