1999 жылдан бері грек-рим күресінен қазақстандықтар әлем чемпионатын жеңген емес
Тиранада (Албания) күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ержет Жарылқасын күміс жүлдегер атанды.
Грек-рим күресінен 63 келіде белдескен отандасымыз финалда Әзірбайжан балуаны Нихат Маммадлиге 6:1 есебімен жол берді.
Кездесудің алғашқы айналымында отандасымыз 1 ұпай иеленіп, алға шыққанымен, екінші айналымда басымдықты қарсыласына беріп қойды.
Осылайша отандық классикалық балуандар әлем чемпионатында 25 жылдан бері қол жеткізе алмай жүрген алтынды Ержет Жарылқасын да уысынан шығарып алды.
Ол іріктеу кезеңдерінде Польша балуанымен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті (9:0). Ал ширек финалда Француз спортшысын 10:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты. Финалға шығар сында ұлттық құрама мүшесі тура 1 минут белдесіп, Ресей балуанына екі мәрте 4 ұпайлық әдісті сәтті жүзеге асырған болатын.
Грек-рим күресінен Қазақстан балуандары арасында соңғы рет 1999 жылы легионер балуан Мкхитар Манукян әлем чемпионы болған еді. Одан кейін қазақ балуандары арасында соңғы рет әлем чемпионатының финалында Қорлан Жақанша күрескен еді. Ол 2019 жылы Астанада өткен біріншілікте 55 келіде күміс медаль иеленді.
Сондай-ақ, бүгін әйелдер күресінен 72 келіде Жәмила Бақбергенова финалға шықтын. Ол осымен үшін рет әлем біріншілігінің алтыны үшін күрескелі отыр.