Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Абдулрашид Садулаев әлем чемпионатында атақты балуанды ұпай берместен ұтты

30.10.2024, 15:23

Садулаев өзінің мансабында 8-ші әлем чемпионатын сәтті бастады

Абдулрашид Садулаев әлем чемпионатында атақты балуанды ұпай берместен ұтты
sportishka.com

Албанияда күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында ресейлік Абдурашид Садулаев америкалық Дэвид Тейлордан алғашқы айналымда басым түсті.

Еркін күрестен 92 келіде іріктеу кезеңінде жолы түйіскен Олимпиада чемпиондары арасындағы белдесу аса тартысты өтті. Бұған дейін 97 келіде белдескен Садулаев АҚШ балуаны Тейлорды еш мүмкіндік берместен ұтты. Кездесудің алғашқы кезеңінде 4:0 есебімен алға шықса, белдесудің екінші бөлігінде тағы үш ұпай еншіледі. Осылайша Садулаев өзінің мансабында 8-ші әлем чемпионатын сәтті бастап, ең мықты балуанды ойсырата жеңіп отыр.

Америкалық Дэвид Тейлор 86 келіде Токио Олимпиадасының чемпионы, үш дүркін әлем біріншілігінің жеңімпазы. Садулаев 86 келіде Рио Олимпиадасында чемпион атанса, 2014-2015 жылдары әлем чемпион атанды. Сонымен бірге, 97 келіге ауысқан соң Токио Олимпиадасында чемпион болып, 2018, 2019, 2021 жылдары әлем біріншілігінде топ жарды.

2018 жылы Дэвид Тейлор Адбурашид Садулаевқа үндеу жолдап, күресуге шақырған болатын. Ал Садулаев бұл ұсынысты қабыл алып, алайда ол үшін Тейлорға жаңа салмаққа ауысу керектігін алға тартқан еді.

Белдесуден бір күн бұрын Дэвид Тейлор аталған белдесу жеребесіне қатысты пікір білдірді.

«Мен бұл чемпионатқа келерде Садулаевпен кездесетінімді білдім. Ол ұлы спортшы. Сондықтан қандай да жағдайда болмасын мен күресуге дайынмын», - деген болатын.

Садулаев осыған дейін қатысқан 7 әлем чемпионатының алтауында финалға шықты және бес рет әлем чемпионы атанды. Ал 2023 жылы қатысқан чемпионатта ол Бахрейн атынан күресетін өзінің жерлесі, бір мектепте жаттығатын әріптесі Ахмед Тажудиновке 9:2 есебімен жеңілген болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам