ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Спорт комитетінің бұрынғы басшысы Самат Ерғалиевтің апелляциялық соты өтті

05.11.2024, 15:25

Самат Ерғалиев сот үкімімен келіспей, шағым түсірген

Спорт комитетінің бұрынғы басшысы Самат Ерғалиевтің апелляциялық соты өтті
orda.kz

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Самат Ерғалиевке қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарады.

Естеріңізде болса, 16 қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Самат Ерғалиевті үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

«Бірінші сатыдағы сот актісімен келіспей, сотталған мен оның адвокаттары оған шағым келтірді. Алайда алқа соттың сотталушының кінәсін дәлелдеу туралы тұжырымдарымен келісті, өйткені оның кінәсі куәгерлердің, соның ішінде шахматшылар мен жаттықтырушылардың айғақтарымен дәлелденді», - делінген соттың мәліметінде.

Осылайша, алқа жасалған сыбайлас жемқорлық ауыр қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, жазаның түрі мен мөлшерімен келісті.

Ерғалиев РМҚК басшысы кезінде, яғни 2019 жылғы қарашадан желтоқсанға дейінгі аралықты өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып Әлішер Аймұхамбетовті сурдлимпиадалық спорт түрлерінен аға жаттықтырушы лауазымына тағайындап, оны ХІХ қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысуға іссапарға жібергені, сондай-ақ 111 млн теңгеден астам сомада ақшалай көтермелеу алуға ықпал еткені үшін кінәлі деп танылған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам