"Қайраттың" чемпиондығына күмән. Мазақ болған "Астана". Өтірік сөйлеген депутат – ҚПЛ-дің соңы

Қазақстан енді спортты Өзбекстан тәжірибесіне сүйеніп қаржыландырмақшы

13.11.2024, 15:18

Өзбектер спортқа қаражатты бізден 10 есе аз бөледі

Қазақстан енді спортты Өзбекстан тәжірибесіне сүйеніп қаржыландырмақшы
primeminister.kz

Бүгін Мәжілісте Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортқа қатысты заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды таныстырды.

Оның айтуынша, Қазақстанда қазірдің өзінде 180-нен астам спорт түріне қаржы бөлініп жатыр. Алайда, спортшыларымыз тек 13 жазғы және 5 қысқы Олимпиадалық спорт түрінен ғана медаль жеңіп әкеліп жүр.

2018 жылы Қазақстан спортшылары түрлі халықаралық жарыстарда 370 медаль жеңіп алса, 2020 жылы бұл көрсеткіш небәрі 105 медальға дейін төмендеген.

2018-2020 жылдары спорттың барлық түрлерін дамытуға 646 миллиард теңге бөлінген. Министрдің айтуынша, бұл қаражаттың 72 пайызы еліміз үшін басымдығы жоқ спорт түрлеріне жұмсалған. Енді осыны ескере келе, министрлік спортқа қаржы бөлуде көрші Өзбекстанның тәжірибесіне сүйенбекші. Өзбек ағайындар Парижде альтын медаль саны жағынан өз рекордын жаңартқан болатын.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы жоғары жетістіктер спортына Қазақстан жылына 775 млн доллар, ал Өзбекстан одан 10 есе бөлетінін айтқан болатын.

Министр жаңа жүйе бойынша, тек Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпия, Азия және Пара Азия ойындары бағдарламасына кіретін спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері жоғары жетістіктер спорт түрлері ретінде қабылданады деп айтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам