Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақ балуаны Нұрсұлтан Тұрсыновқа Ресейден келген легионер бәсекелес болмақ

14.12.2023, 15:28

25 жастағы ресейлік балуан Еуропа чемпионы болған

Қазақ балуаны Нұрсұлтан Тұрсыновқа Ресейден келген легионер бәсекелес болмақ
olympic.kz

Сербияда өткен әлем чемпионатында Олимпиада лицензиясын жеңіп алған грек-рим күресінің балуаны Нұрсұлтан Тұрсыновқа бәсекелес табылды. Sportarena.kz сайтының жазуынша, оған Ресейден келген легионер Шәміл Ожаев қарсылас атанбақ.

Ресей балуаны таяуда Қазақстан азаматтығын алып, спортшы ретінде ел атынан сынға түсуді көздеп отыр. Ол классикалық күресте 87 келіде өнер көрсетеді. Ал бұл салмақта семейлік Нұрсұлтан Тұрсынов бірнеше жылдан бері ел намысын қорғап келеді. 

Әзірге бұл туралы еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын ақпарат таратпады. Ал келер жылдың басында легионер ел чемпионатына Алматы қаласының атынан қатысуды көздеп отырған көрінеді.

Шәміл Ожаев 1998 жылы дүниеге келген. Ол Ресейдің Новосібір күрес мектебінің түлегі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спортшы грек-рим күресінен Ресей чемпионатында жүлдегер атанумен қатар, жеңімпаз да болған. 2021 жылы 23 жасқа дейінгілер арасында Еуропа чемпионы болып, әлем чемпионатында да жүлдеге қол жеткізген. 

Бұл салмақта ел намысын қорған жүрген Нұрсұлтан Тұрсынов 2020 жылы Токио олимпиадасына қатысты. Сондай-ақ, ол Азия чемпионаттарында жеңімпаз атанып, бірнеше рет жүлдеге ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам