Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қырғыздың қос спортшысы әлемнің ең үздік балуаны атағына үміткер

15.12.2023, 13:49

Аталған атаққа барлығы бес балуан таласады

Қырғыздың қос спортшысы әлемнің ең үздік балуаны атағына үміткер
Фото ашық дереккөзден

Грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпиондары қырғызстандық Ақжол Махмұдов пен Жоламан Шәршенбеков әлімнің үздік балуаны деген атаққа үміткер болып отыр. Біріккен күрес әлемі қауымдастығы 2023 жылы үздік өнер көрсеткен бес балуанның арасынан ең үздігін анықтамақ.

Оның ішінде Қырғызстанның екі балуанынн бөлек кубалық Луис Орта, ирандық Амин Мирзазаде және грузиялық Лери Абуладзе бар.

Луис ОРТА САНЧЕС (Куба) - әлемдік рейтингте 67 келіде көш бастап тұр (86 400 ұпай).

2023 жылғы нәтижесі:

 1. Әлем чемпионы;

 2. Панамерика чемпионы;

 3. XIX Панамерика Ойындарының жеңімпазды

 4. Зегреб және Бішкекте өткен халықаралық рейтингтік турнирдің қола жүлдегері. 

Амин МИРЗАЗАДЕ (Иран) - 130 келіде әлемдік рейтингте 1 орын да тұр (76 000 ұпай).

2023 жылғы нәтижесі:

 1. Әлем чемпионы;

 2. Азия чемпионы;

 3. XIX Азия Ойындарының жеңімпазы;

 4. Бішкекте өткен халықаралық рейтингтік турнирдің жеңімпазы.

Акжол МАХМУДОВ (Қырғызстан) - 77 келіде әлемдік рейтингте көш бастап тұр (65 O00 ұпай).

2023 жылғы нәтижесі

 1. Әлем чемпионы;

 2. Азия чемпионы;

 3. XIX Азия Ойындарының жеңімпазы;

Жоламан ШАРШЕНБЕКОВ (Қырғызстан) - 60 келіде әлемдік рейтингте көш бастап тұр (68 000 ұпай).

2023 жылғы нәтижесі:

 1. Әлем чемпионы;

 2. Азия чемпионы;

 3. XIX Азия Ойындарының жеңімпазы;

Лери АБУЛАДЗЕ (Грузия) - 63 келіде әлемдік рейтингте көш бастап тұр (75 000 ұпай).

2023 жылғы нәтижесі:

 1. Әлем чемпионы;

 2. Еуропа чемпионы;

 3. Бішкекте өткен халықаралық рейтингтік турнирдің жеңімпазы.

 4. Египетте өткен халықаралық рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам