ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Жапониядағы чемпионатта еліміздің ескі әнұраны қосылды: Министрлік неге үнсіз?

18.11.2024, 16:17

Олимпиадалық жарыс түрінде мұндай келеңсіздіктің жіберілуіне кім кінәлі?

Жапониядағы чемпионатта еліміздің ескі әнұраны қосылды: Министрлік неге үнсіз?
ҰОК

Қазақстанның әнұраны 2006 жылы ауысса да, әлі күнге дейін ресми жарыстардың өзінде ескі гимннің орындалатын жағдайларды жиі көреміз. Бұл жолы мұндай келеңсіздік Жапонияда өткен төрт құрлық чемпионатында болды.

Естеріңізде болса, Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатының соңғы жарыс күнінде ұлттық құрама қоржынына алтын медаль түскен. Ерлер арасындағы масс-стартта отандасымыз Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды.

Виталийді марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар ескі әнұранды қосып жіберді. Олимпиадалық жарыс түрінде мұндай келеңсіздіктің жіберілуіне кім кінәлі? Оның үстіне халықаралық федерация тарапынан бақыланатын сайыс. Әзірге министрлік те, федерация да үнсіз.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының Сиднейде чемпиондық атағын қорғаған айқасында еліміздің ескі әнұраны қосып, боксшының өзі де, командасы да наразылық білдірген. Көп ұзамай Туризм және спорт министрлігі наразылық нотасын жолдағанын айтты. Оның соңы да немен аяқталғаны белгісіз.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам