ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Минсктегі оқиға: маскүнем жанкүйерлер, Ұлы Жеңіс және масқара жеңіліс

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы өзбектерден жеңіліп қалды

19.11.2024, 00:00

Бұған дейін отандастарымыз әлемдік рейтингтің көшбасшысы Румынияны ұтқан болатын

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы өзбектерден жеңіліп қалды
olympic.kz

Семсерлесуден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Әлем кубогының финалында Өзбекстаннан жеңіліп қалды, деп хабарлады Olympic.kz.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының намысын Жайлыбай Нұрмұхаммед, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Ерхан Қараман қорғады. Финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездесті. Нәтижесінде ойын 45:35 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы болған Румыния құрамасын 45:36 есебімен жеңген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам