Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

Абиба Әбужақынова Токио Гранд Слэміне қатыспайтын болды

20.11.2024, 15:11

Жапониядағы турнирге қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Абиба Әбужақынова Токио Гранд Слэміне қатыспайтын болды
ҰОК

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) желтоқсан айында Жапония астанасында өтетін турнирге қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімін жариялады.

Жыл соңындағы қорытынды жарыс 7-8 желтоқсан күндері күншығыс елінің астанасында өтпек.

Бұл сында Толғанай Әбеуова (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Есмигүл Құйылова (63 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Назгүл Маратова (+78 кг) мен Карина Такиева (+78 кг) белдеседі.
 
Айта кететін жайт, әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова аталған додадан босатылып отыр. 48 келіде күресетін отандасымыз қазан айының ортасында Абу Даби Гранд Слэмінде үшінші орынға ие болған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам